Шудан Алматыға есірткі тасығандар ұсталды

Полиция қызметкерлері Шу-Алматы есірткі жеткізу арнасының жолын кесті, деп хабарлайды 24KZ.

Арнайы операция Алматы қаласы мен Алматы облысында іске асты. Анықталған 11 күдіктінің қатарында сатушы мен сатып алушылар, тасымалдаушылар, үй-жайларды жалға алушылар мен өлшеп ораушылар бар.

Тінту кезінде целлофан пакеттерге салынған 40 келі марихуана мен 15 келі гашиш және ұялы телефондар табылып, тәркіленді. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жалғасып жатыр.