Астана халықаралық әуежайында өрт шықты

Бүгін таңертең ғимараттағы терминалдың электр қалқан бөлмесінде түтін шығып жатқаны туралы 112 қызметіне хабарлама түскен.

№1 және №2 терминалдар арасындағы галереяны қатты түтін басып, жолаушылар эвакуацияланды. Төтенше жағдайлар қызметінің мәліметінше, таңғы сағат 8:24-те өрт сөндірілді. Тиісті мекеменің хабарлауынша №2 серверлік терминалда электр кабельдері жанған. Өрт 10-15 шаршы метрге тараған.