ТЖМ өкілдері тәртіптік жазаға тартылды

Алматыдағы жер сілкінісі кезінде қызметін лайықты деңгейде атқармаған атқармаған құтқарушыларға шара қолданылды.

Қызметтік тексерістен кейін Төтенше жағдайлар министрлігі мен Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаментінің 14 қызметкері қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Тізімде ведомство мен аумақтық бөлімше жетекшілері, олардың орынбасарлары бар. Бұған дейін министрлікте жер сілкінісі кезіндегі құтқарушылар жұмысының басты олқылықтарына талдау жасалып, негізгі кемшілік - төтенше жағдай уақытындағы ұйымдастырушылық шаралардың әлсіз жүргізілгендігі айтылған.