1 наурызда туғандар төл мерекесін тағы бір сағат күтті

Петропавлдықтар да бүгін бір сағатқа артық ұйықтады.

Қала тұрғындарының айтуынша, уақыт белдеуінің өзгеруі адам ағзасына оң әсер етуі тиіс. Енді солтүстікте таң ерте атып, күн кеш батады. Бүгін әсіресе туған күн иелеріне қызық болды. Олар төл мерекесін тағы бір сағат күтті.