БҚО-да мұз жару жұмыстары басталды

Батыс Қазақстан облысындағы су қоймаларында мұз жару жұмыстары басталды.

Мамандардың айтуынша, өзен-көлдердегі мұздың қалыңдығы бір метрге жетіп қалған. Апта соңына дейін тасқын қаупі бар 6 ауданда осындай шаралар жалғасады. Бұған бюджеттен 35 миллион теңге бөлінді. Қазір су басу қаупі бар 147 елді мекен мен 50-ге жуық жол бақылауға алынды.

Нұралы Мусиев, ТЖД басқарма бастығы:

- Қазіргі таңда жағдай қалыпты. Гидрометреологиялық жағдай бойынша мониторинг күнделікті жүргізілуде. Облыстық өзендер бойынша нақтыланған гидроболжамды күтудеміз. Осы бір-екі күнде келуі керек. Сонымен бірге мына Ресей федерациясынан наурыз айының бірінші онкүндігінде алдын ала гидроболжамды трансшекаралық өзендер бойынша алдын ала күтіп отырмыз.