Ақтауда «Жартасты соқпақ» жолын қалпына келтіру жұмыстары басталды

Ақтаудың көрнекті орындарының бірі «Жартасты соқпақ» жолын қалпына келтіру жұмыстары басталды.

Қазір жаңа өткел төселіп жатыр. Құрылысты демеуші қаржыландырады. Өткен айда жарқабақтан тастар құлап, ағаш өткелдің бес метрдей бөлігі қираған. Қазір жағажайдағы демалыс орны уақытша жабылып, кіреберісі қоршалған. Туристерге арналған аумаққа төбеден тас құлауы алғаш емес. 2019 жылдан бері бірнеше дерек тіркелді. Әйтеуір ешкім зардап шеккен жоқ.

Бақтияр Мақсатов, қалалық ТҮКШ бөлімі басшысының орынбасары:

- Шұғыл шешім қабылданып, жартастық соқпақтың аумағы екі жағынан жабылды, адамдардың жүріп тұруына. Бұрынғы жаяу жүргіншілер жолын жаңадан салу қарастырылып, қазіргі таңда сол құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Бұл жерде, біріншіден, өзінің материалдары пайдаланылады. Жетпеген жеріне жаңадан материалдар салынады. Осы айдың ортасына дейін, 15-іне дейін бітіреміз деген жоспар бар.