СҚО-да жалған екпе қою фактілері анықталды

Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары жалған екпе қою фактілерін анықтады, деп хабарлайды 24KZ.

Тексеру барысында қызылша мен сібір жарасына қарсы жалған екпенің 70-тен астам фактісі, сондай-ақ медициналық мақсаттағы бұйымдарды ұтымсыз пайдалану және ресми құжаттарды бұрмалау сияқты өрескел заңбұзушылықтарды байқаған. Сондай-ақ қызылша, паротит, қызамық және А гепатитіне қарсы жарамдылық мерзімі өтіп кеткен, жалпы құны 7,8 млн теңгені құрайтын вакциналар табылған. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.