Қызылордада жаңа перинаталдық бөлім пайдалануға берілді

Облыстық көпбейінді аурухана жанынан ашылған 70 орындық мекеме түрлі сырқаты бар жас аналар мен жүкті әйелдерге медициналық көмек көрсетеді.

Емдеу нысаны соңғы үлгідегі магнитті-резонансты томографиямен жабдықталған. Орталыққа құрсақтағы сәбидің жүрек соғысын бақылайтын аппараты бар көпфункцияналды керуеттер әкелінген. Ана мен бала өмірін сақтауға негізделген акушерлік бөлімді жарақтандыруға жергілікті бюджеттен 1 миллиард теңге жұмсалып отыр. Жалпы Сыр өңірі бала туу көрсеткіші бойынша республикада алдыңғы қатарда тұр. Өткен жылы 18 мың, биылғы 2 айдың өзінде 3 мың нәресте дүниеге келген. Экологиялық ахуалы қолайсыз аймақ болғандықтан қызылордалық жүкті әйелдерде патологиялық аурулар жиі кездеседі. Сондықтан периниталдық бөлімнің маңызы ерек.     

Динара Шүкірбек, Талсуат ауылының тұрғыны:

- Менде түсік тастау мәселесі көп болғандықтан толғақ басталғаннан арнайы бақылауда болу үшін Талсуат ауылынан осы жаққа алып келді. Босану кезінде көмек көрсеткен акушер-дәрігерлерге алғыс білдіремін. Баланың салмағы 3,600гр, бойы 55 см.

Арман Ержанова, акушерлік бөлімнің меңгерушісі:

- Бұл бөлімнің керектігі облыста экстрагентальді жүрек, қан аурулары, бауыр, бүйрек ауруларының асқыну сатысындағы науқастарға декомпенсация, субкомпенсация жүрегіне операция жасалған, гепатиті бар әйелдерге көпбейінді ауруханада арнайы мамандардың қарауымен бақылау жүргізілетіндіктен осы орталықтың ашылуының мәселесі өте жоғары болды. Жүктіліктен тыс аурулар асқынуымен келген 20 төсек-орындық жүкті әйелдерге арналған патология бөлімі де бар.