Жоғарғы сотта кәсіпкер құқығы қорғалды

Жоғарғы Сотта газ саласындағы кәсіпорынның кассациялық шағымы бойынша азаматтық іс қаралды.

Алматының қала құрылысын бақылау басқармасы бұл кәсіпорынды "рұқсатсыз" салынған құрылыс деп танып, бұзу туралы талап қойып, сотқа жүгінген. Бұған дейін бірінші сатыдағы отырыста, олардың талаптары қанағаттандырылды. Алайда жоғарғы сотта іс, бүге-шігесіне дейін зерттеліп, мемлекеттік органның да, соттың да көптеген қателігі әшкере болды. Өткен жылдың қорытындысы бойынша елде кәсіпкерлерге қатысты 29 мыңнан астам азаматтық іс қаралды, оның 77 пайызы - мемлекеттік органдар тарапынан түскен талап-арыз. Қалғаны кәсіпкерлерге тиесілі. Олардың пайдасына 8 жарым мың шешім шығарылды.

Марина Боровик, Жоғарғы соттың судьясы:

- Арызданушы нысанды бұзу туралы шағым түсірді және сот бұны құптады. Әрине бұған шамданған кәсіпкер  қайта арыз жазды. Соттың неге бұндай шешім шығарғанын атап айту қиын. Істі қарау кезінде төраға ЖШС аталған жер телімінің иесі екенін атап өтті. Және ол 1999 жылдан бері өз шегінен шықпай жұмыс істеп келеді. Сондықтан бүгін біз серіктестікті қолдап, олардың талаптарын толық көлемде қанағаттандырдық.