Сананы сансыратқан есірткі

Елде жыл басынан бері 1 тоннадан астам синтетикалық есірткі заты тәркіленген.

Ең сорақысы оған тәуелділер саны артып барады. Басым бөлігі жастар. Осылай деп дабыл қаққан полицейлер мен наркологтар нашақорлықен қоғам болып күресуге шақыруда.

Аты-жөнін атамауды өтінген бұл азамат 20 жылдан астам есірткіге салынып, синтетикалық заттың түр-түрін қолданған. «Осы уақыт аралығында күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан айырылдым. Өмірім қараңғы түнекке айналды», - дейді.

Кейіпкер:

- 2000 жылдардың басында тәуелділікке героин арқылы келдім. Басында инемен қолдандым. Сол жылдары өте популярный болған. Психика бұзылады басқаша боп кетеді. Басқа адамдарға жаман жағынан қарайсың. Өйткені сенде есірткі болмағанда оны табу үшін жолдарын қарастырып, ұрлық жасайсың, алдайсың.

«Қазір еліміз бойынша наркологиялық есепте 18 мыңнан астам адам тұрса, соның мыңға жуығы Астанада. Бұл соңғы 2 айдың көрсеткіші. Ал есепке тұрғысы келмейтіндер жеке орталықтардың көмегіне жүгінеді», - дейді наркологтар.

Анар Тәстембекова, психиатр-нарколог:

- 1 жыл бойы ол науқастар дәрігерге келіп отыру керек. Жағдайын көрсетіп, өзін көрсетіп. Не істеп жүр, немен шұғылданып жүр, жұмыс істесе ол жерден харектеристика да әкеліп жатады. Психологтан диагностика өтеді.

Полиция бүгінде есірткі саудасының негізгі ошағы саналатын 400-ге жуық интернет-дүкенді бұғаттаған. Алайда түрлі құйтырқы әрекеттерге барып, басқа да айла тәселдерді тауып жатыр.

Бақытжан Әмірханов, ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары:

- 1487 қылмыстық құқық бұзушылық тіркеліп отыр. Оның ішінде 610-ы қылмыс, 400-гу жуығы сату фактісі, 108 факті аса ірі мөлшерде сақтау. 16 үгіт-насихат жұмысы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ал елорда тұрғындары балаларының болашағына алаңдайды. Есіркіге қарсы күрес жұмыстары қанша күшейтілсе де біржолата тамырына балта шабу мүмкін болмай тұр. Сондықтан 21-ші ғасырдың тажалына ілікпес үшін жастар оның зардабын түсіну керек.

Блиц:

- Жастардың болашағы жарқын болу керек. Жастар түсіну керек жаман нәрсе. Жоламау керек.

- Жаппай сатылымды тоқтату керек.

- Адам денсаулығына зиян екенін бәрі біледі. Арты жақсылыққа апармайтынын тағы да біледі.

Ең сорақысы, есірткі саудасы халық көп шоғырланған Алматы, Астана, Шымкент қалаларында және Алматы мен Түркістан, Жамбыл облыстарында өршіп тұр.

Авторлары: Мерей Қанапия, Мұрат Әлімханов