Жамбыл облысында жолда қалғандар құтқарылды

14 наурызға қараған түні сағат 02:00 шамасында 4 адам мінген жеңіл көлік Түркістан обысынан Жаңатас қаласына жол тартқан.

Жолаушылардың арасында екі бала мен әйел бар. Жүргізуші жолда адасып, көлігі балшыққа батып қалған. Көмекке ұмтылған құтқарушылар 5 шақырым жерді жаяу жүріп, көлікті балшықтан шығаруға көмектесті.