Алматыда «Ұрпақ тәрбиесіндегі балалар басылымының рөлі» конференциясы өтті

Алматыда «Ұрпақ тәрбиесіндегі балалар басылымының рөлі» конференциясы өтті

Қазіргі балалар нені білгісі келеді, неге қызығады? Жас ұрпақтың талғамына татитындай шығармалар қандай болуы керек? Балалар басылымына қандай жағдай жасалып жатыр? Осы және өзге де мәселелер Алматыда өткен «Ұрпақ тәрбиесіндегі балалар басылымының рөлі» атты конференциясында талқыланды.

Жиынға қатысқан «Ұлан», «Балдырған», «Ақ желкен» балалар баспасының бас редакторлары мектеп оқушыларымен кездесті. Балалар басылымдардың қызметі жайында біліп, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды. Сондай-ақ мектеп оқушыларының шығармашылық қабілетін арттырып, басылым мен оқырман арасында тығыз байланыс орнату мақсатымен арнайы меморандумға қол қойылды.