Лудоманияға қарсы күрес күшейеді

Ойынға ойсыз құмарланған лудомандар үшін оңалту орталықтарын көбейту қажет.

Шымкент тұрғындарының пікірінше, құмар ойынның ашықтан-ашық жарнамалануы жастарды жеңіл олжаға құнықтырады. Соңы күйзеліс пен ашу-ыза әкеліп, есірткі мен алкогольге тәуелділердің қатарын толтырады. Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайда лудоманиямен күресудің кешенді жоспарын қабылдауды тапсырды. Мегаполис халқы бұл бастаманы ұлт тағдыры үшін маңызы зор деп есептейді.

БЛИЦ:

- Жастардың көбісі ойнайды негізі. 70-80% ойнайды деп айта аламын. Сол қою керек, заң шығарып құрту керек, жабу керек.

- Бәрінің көздері уже ештеңе көрмей бара жатыр ғой. Кішкентай балдардың өзі ақша, дүние. Займ ақшаға кіріп кеткен. Ол займ ата-аналардың рұқсатынсыз береді. Бұны да жауып тастау керек.

- Балдар әр түрлі жолдар табады сол жақтан ақша алу үшін немесе ойнау үшін. Оңалту орталықтары ашылса, сол жерге адамдарды жатқызса. Мүмкін деп ойлаймын жазылу адамдардың.