ШҚО орман шаруашылығында бірқатар заңсыздық анықталды

24.kz

Шығыс Қазақстан облысының орман шаруашылықтарында коммерциялық мақсатта ағаш әзірлеу ісінде бірқатар заңсыздықтар анықталды.

Өңірдің табиғат қорғау прокурорларының мәлімдеуінше, орман шаруашылығының өкілдері кәсіпкерлерді өз қаржысы есебінен ағаш кесетін орындар мен жылғаларды, жолдарды тазартуға мәжбүрлеген. Заң бойынша бұл олардың өздері атқаратын міндетемелері еді. Соның нәтижесінде 100-ден астам сатып алу келісімшарты заңсыз рәсімделген. Былтыр Өскемен, Глубокое, Риддер және Алтай орман шаруашылықтарында орманды заңсыз отаудың 48 дерегі тіркелді. Салдарынан екі мың текше метрден астам орман ағашы кесілді.

Александр Акулов, ШҚО табиғат қорғау прокуроры:

- Келісім-шарттарға дер кезінде өзгерту енгізіліп, 112 бизнес субъектісінің құқын қорғап қалдық. Орман өнімдерін сатып алу тарифінде де кемшіліктер анықталды. Ал ағаш кесетін орындар мен жылғаларды, жолдарды орман шаруашылықтары өз қаржысы есебінен тазартуы тиіс еді.