Ақтөбеде дүкен ұжымы ұлттық нақыштағы жұмыс формасына көшті

Ақтөбедегі дүкендердің бірі ою-өрнекпен безендіріліп, сатушы мен аспаздар қазақы бешпет-қамзол киді.

Кәсіп иесі бұдан былай жұмыс формасын тек ұлттық нақышқа сай етуді жөн көріп, ұжымдағы 350 адамға тапсырыспен киім алдырған. Енді бұл бастамаға басқа да кәсіпкерлер қолдау білдіреді деген сенімде.

Венера Ережепова, дүкен директоры:

- Біз биылғы жылдан бастап ұлттық кодымызды өзіміздің жаңғыртуға, сонымен бірге халыққа, тұрғындарға соларды жеткізу мақсатында осындай формаға көшуге ниет еттік. Қызыл түс біздің қазақтың "қызыл қызғалдағындай" дейді ғой, көз қуантатын сосын мына ою-өрнектердің өзі де біздің қазақ халқында өте терең мағынаны аңдатады. Қыздардың тақияларына өсіп жатырған гүлдің суретін салуға ниет еттік.