БҚО-да жол учаскесін су шайып кетті

Батыс Қазақстан облысының Казталов ауданында автокөлік жолының бір бөлігін су шайып кетті, деп хабарлайды 24KZ.

Қошанкөл мен Беспішен ауылдарының арасын жалғаған жол жиегіне еріген қар суы жиналған. Дегенмен аталған бағыттар бойынша қозғалыс тоқтаған жоқ. Көліктер айналма жол арқылы жүріп жатыр. Аумақта тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды. Құтқарушылардың айтуынша, облыста су шаю қаупі бар 49 жол учаскесі бар. Елді мекендерді су басу қаупі жоқ. Жедел құтқару қызметінің 4 мың адамы және 1 мың арнайы техникасы кез келген жағдайға дайын тұр, – дейді жауаптылар.

Нұрәлі Мусиев, ТЖД басқарма бастығы:

- Қазгидромет филиалы ұсынған дауылды алдын ала ескертуіне сәйкес 21-24 наурыз аралығында облысымызда  ауа температурасының көтерілуі, яғни соның салдарынан қарқынды қар еруі, өзендерде су деңгейі көтерілуі мүмкін.  Кезекшілік, мониторинг, басқа да күштер мен құралдарды дайындыққа келтіру бойынша жұмыстанып жатыр. Департаменттің қазіргі таңда күштері мен құралдары толық дайындыққа келтірілді.