Шымкентте өнеркәсіптік қауіпсіздік пысықталып жатыр

Шымкент мұнай өңдеу зауытында бүгін техникалық апаттың алдын алу жұмыстары басталды, деп хабарлайды 24KZ.

Бұл шаралар өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы азаматтық қорғау туралы заңды орындау мақсатында және ҚР Энергетика министрлігінің жоспарына сәйкес жүзеге асырылып жатыр. Зауытта ішкі нарыққа мұнай өнімдерін біркелкі жөнелту үшін барлық өнімнің қоры жеткілікті жиналған. Бұл ретте Павлодар мұнай-химия және Атырау мұнай өңдеу зауыттары отын өндіруді штаттық режимде жалғастырады.