Ақтөбе облысындағы екі ауданда су тасқынына қатысты жағдай күрделі

Ақтөбе облысының екі ауданында су тасқынына қатысты жағдай күрделі.

Әсіресе Темір ауданының орталығы Шұбарқұдық кентінде бес үйге еріген қар суы кіріп, 25 ауланы су басқан. Қазір мұнда төтенше жағдайлар министрлігінің вице-министрі келіп, ахуалды бақылап жүр. Ал көрші Байғанин өлкесінің Қарауылкелді ауылында да жағдай алаңдатарлық күйде. Қазір жергілікті төтенше жағдай қызметі мен әкімдік және басқа да ұйымдардың өкілдері тасқынға қарсы күреске жұмылдырылды. Бұдан басқа облыстың Ойыл, Мәртөк, Қобда, Әйтеке би аудандарында су сору жұмыстары жүріп жатыр. 

Сәбит Молдақарев, ТЖД бастығының орынбасары:  

- Темір ауданына 200 тонна инертті материалдар төгілді, одан бөлек 4 мың қапшық қойылды қазіргі таңда. Одан бөлек Байғанин ауданына 20 тонна инертті материалдар түсірілді. 627 қапшықтар қойылды қазіргі таңда.