Алқабилердің алғаш қатысуымен Бишімбаевтың соты өтті

Бүгін елордада әйелін ұрып өлтірді деп айыпталған бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың ісіне қатысты алқабилердің қатысуымен алғашқы сот отырысы өтті.

БАҚ өкілдері үшін сот отырысының онлайн-трансляциясы бар жеке кабинет ұйымдастырылды. Сондай-ақ іс-шара Жоғарғы Соттың YouTube арнасында көрсетілді. Бұл туралы БАҚ пен әлеуметтік желілерде алдын ала хабарланды. Отырыста мемлекеттік айыптау тарапы іс бойынша айыптау актісін оқыды. Келесі сот отырысы наурыздың 29-ы күні сағат 10:00-ге белгіленді. 

Жанна Оразбақова, адвокат:

- Бүгін таңертең алқабилер алқасын іріктеу рәсімі өтті. Сотқа келген 102 кандидаттың ішінен 12 алқаби таңдалды. Оның ішінде 10-ы негізгі және 2-уі қосалқы. Іріктеу алқабилер алқасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатындағы заң шектеулеріне байланысты жабық сот отырысында өтті.