Ақтөбе облысындағы тасқыннан зардап шеккендерге көмек

Ақтөбе облысында су тасқынынан зардап шеккендерге «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар рухы» жастар қанатының белсенділері көмектесіп жатыр.

Волонтерлер Шұбарқұдық елді мекеніндегі зақымдалған үйлерді қалпына келтіруге кірісті.

Еріктілер тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіру, баспаналардан қажетті заттарын алып шығуға жәрдемдесіп жатыр. Бүгін Елек арнасынан тасып, маңындағы үйлерге де қауіп төнді. Елуден астам ерікті өзен-көлдер жанында орналасқан баспаналарға су кірмес үшін арнайы бөгеттер жасады. Қазірдің өзінде бұл жерге 3 тоннадай инерттік материал қолданылған.

Әлішер Тыныштық, «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар рухы» жастар қанатының АОФ төрағасы:

- Бүгін өздеріңіз көріп тұрғандай Елек өзені көтеріліп жатыр. Ол осы дачаларға су өтіп кетпес үшін барикадалар құрап жатырмыз. Күні кеше Шұбарқұдық кентіне Жастар рухы жастар қанатының белсенділері жол тартты. Жиырмаға жуық белсенді сол жақтағы су тасқынынан зардап шеккен үйлерге көмектесіп, үйлерді қалыпқа келтіру бойынша жұмыстар атқарды.