Жетісу облысында қазына қаражаты тиімсіз жұмсалған

Жетісу облысында полиомиелитке қарсы вакцинаның уақытылы алынбауынан 7 мыңнан астам бүлдіршін тиісті екпемен қамтылмаған.

Сонымен қатар денсаулық сақтау басқармасының қаражатты тиімсіз жұмсағаны белгілі болды. Мысалы өңірде «А» гепатитіне қарсы екпе жеткілікті болғанымен 135 миллион теңгеге тағы 35 мың доза вакцина алынған. Алдағы алты айда иммунитетті күшейткіштер пайдаланылмаса жарамдылық мерзімі өтіп кетеді. Заңның өрескел бұзылуына байланысты құзырлы орган өкілдері тиісті шара қолданды.

Ялкун Исмаил, облыстық прокуратураның басқарма прокуроры:

- Қадағалау актісі бойынша облыстың Денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасарын қоса алғанда, 11 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды, 126 тұлға жалпы сомасы 8,5 млн теңгеге әкімшілік жауапкершілікке тартылды.