Еліміз Дүниежүзілік мұра комитетінің XLVI сессиясына дайын

Қазақстан Дүниежүзілік мұра комитетінің 46-шы сессиясына тыңғылықты дайындалып жатыр.

Халықаралық іс-шара биыл шілде айында Нью-Дели қаласында өтеді. Дипломаттарымыз дайындық жұмыстарын пысықтауда.

Айта кетейік, еліміз аталған комитетке 2027 жылға дейін мүшелік етеді. Осыған байланысты отандық сарапшылардың қолдауымен ұйымға мүше басқа да елдердің өтініштері қаралып, тиісті кездесулер өткізіліп жатыр. Қазақстанның ЮНЕСКО-ның Париждегі дүниежүзілік мұра орталығымен орнатқан байланысы берік.

Жанар Шәйменова, ЮНЕСКО істері жөніндегі ҚР Ұлттық комиссиясының бас хатшысы:

- Біздің де осы кезеңге арналған жоспарларымыз бар. Атырауда өткен ІІІ Ұлттық құрылтайда мемлекет басшысы Қазақстанның сыртқы саясатының ажырамас құрамдас бөлігі ретінде мәдени жадымыз бен ұлттық бірегейлігімізді қалыптастыру мақсатында Қазақстандағы мәдени және табиғи мұраны дамыту және сақтау бойынша бірқатар тапсырма берді. Президентіміз айтқандай, елімізде көптеген бірегей мәдени және табиғи игілік орындары бар. Мұны қазақстандық дипломаттар уәкілетті органдармен бірлесіп, ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұра комитетіндегі мүшелігіміз шеңберінде жасайды.