Алматыда дауылды ескерту жарияланды

Бүгін нөсер құйып, екпінді жел соқты.

Таулы аймақтарда желдің екпіні секундына 28 метрге дейін жетті. Қаладағы төтенше жағдайлар қызметі тұрғындарға таулы аймақтарға бармау қажеттігін ескертті. Қазір барлық коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Арықтардың бітелмей, судың еркін ағуын қамтамасыз ету үшін түнгі ауысымға 49 жедел кезекші мобильді бригада мен 344 арнайы техника жұмылдырылды. Синоптиктер алдағы күндері де қатты жел тұрып, жаңбыр жауатынын айтады. Осыған байланысты Алматы халықаралық әуежайы рейстер кестесінде өзгерістер болуы мүмкін екенін мәлімдеді.