Бірнеше өңірде көлік қозғалысы шектелуі мүмкін

Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Абай және Қостанай облыстарында су тасқынына байланысты республикалық және халықаралық маңызы бар тас жолдарда көлік қозғалысы шектелуі мүмкін.

Бұл жайында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі хабарлады. Қалыптасқан жағдайға байланысты Ресеймен шекаралас учаскелердегі өткізу бекеттерінде кептеліс туындауы болжанып отыр.