Қарғын судан қауіп сейілген жоқ. LIVE

Атырау облысындағы Қызылқоға ауданын әбігерге салған қарғын судың қатері әлі сейілген жоқ.

27 наурыздан бастап тасыған Ойыл өзені әлі арнасынан асып тұр. 1 сәуірге дейін аудан орталығын қоршаған қарғын су енді Қоныстану ауылын қоршап алды. Кеше газ құбыры су астында қалып, ауыл көгілдір отын көзінен ажыратылды.

Арыстанбек Кенже, тілші:

- Қоныстану ауылының жан-жағына бөгет соғылды. Дегенмен суыдң беті қайтар емес. Өздеріңіз көріп тұрсыздар ауыл мешіті су ортасында қалды. Сондай-ақ, биыл қадаасы қағылған спорт сарайы мен ауылға келетін газ құбырының қондырғысы істен шықты. Қазір барлығы ауылды аман алып қалуға күш салып жатыр. Атап айтқанда, бұрынғы 4 шақырымдық бөгет биіктетіліп, қосымша тағы 3 шақырым жалғанды. 50 ден астам құтқарушы 5 арнайы техника және ауылдың бас көтерер азаматтары түгелімен   жұмылдырылған. Бір қиыны көктемгі бос топрыақтың су ұстауға қауқары аз. Сондықтан құм қапталған қаптар төселіп жатыр. Бастысы адам аман. Су басқан үйлер жоқ. Кеше кешкісін 100 ден астам ауылдың қариялары мен бала-шағасы облыс орталығына аттандырылды. Кеше ойыл округіне қарасты қыстақта 11 тұрғын аралда қалып қойған олар да қауіпсіз жерге шығарылды.

Жалпы, Ойыл өзенін бойлай қоныстанған 5 ауылда тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылған. Бір апта бойы тасқынмен алысқан ағайын еш абыржымастан тірліктерін жалғастырып жатыр. Сағат 14:00-дегі ақпарат бойынша судың алды Тасшағыл ауылына таяп қалыпты. Ауылдарда жарық, теле байланыс үзілген жоқ.