Павлодар облысының құтқарушылары СҚО-ға көмекке аттанды

Төтенше жағдай департаменті күштері мен құралдар колоннасы өңірдің су тасқыны қаупі бар учаскелерінде қажетті көмек көрсететін болады.

Еріген суды сорып, қаптарды дайындап және бөгеттерді нығайтады. Барлығы 53 адам, қажетті құтқару жабдықтары және жүзу құралдарымен бірге 10 техника жіберілді.