Атыраудағы мектептер жұмысын қалыпты жағдайда жалғастырады

Атыраудағы білім беру ұйымдары жұмысын қалыпты жағдайда жалғастырады.

Өңір басшысы Серік Шәпкенов осылай деп мәлімдеді. Айта кетейік, бүгін облыста табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды. Сонымен қатар брифингте су тасқынын сылтауратып азық-түлік пен кейбір тауарлардың бағасын негізсіз өсіруге жол берілмейтіні айтылды.

Серік Шәпкенов, облыс әкімі:

- Бүгінгі таңда біз бір де бір мектепті онлаинға жіберіп жатқан жоқпыз. Сондықтан ондай ақпараттарды тиісті деңгейде беріп отырамыз. Алдағы уақытта менің әріптестерім жиі шығып осы салаға қатысты сұрақтарға жауап береді. Мысал ретінде айтайын: бүгіннің өзінде осы мәселені әрі-бері тартып, осы сәтті пайдаланып қапшықтардың бағасы көтеріп, күрек тағы басқа да құралдардың бағасын өсіріп жатқандар бар. Сондықтан ондайға біз жол бермеуіміз керек.