Таразда тағы бір шағын аудан бой көтереді

Таразда тағы бір шағын аудан бой көтереді

Таразда тағы бір жаңа шағын аудан пайда болады.

Жоба бойынша қаланың солтүстік бөлігінде көпқабатты 82 үй салынады. Қазірдің өзінде 16 үй тұрғызылған.

Әкімдік жыл соңына дейін 720 пәтерді кезекте тұрғандарға беруді көздеп отыр. Тұрғын алабында көп күттірмей әлеуметтік нысандар бой көтереді. Үш мектеп, төрт балабақша мен перинаталдық орталық, тіпті өрт сөндіру депосы да салынады.

Қайрат Исмаил, қала әкімінің орынбасары:

- Көпқабатты тұрғын үйлер салуға республикалық бюджеттен 11,1 миллиард теңге бөлініп отыр. Биыл жалпы 50 тұрғын үйді пайдалануға береміз деп жоспарлап отырмыз. Оның 16-сы осы жаңа 16-шағын ауданда жоспарланған. Келесі жылға біз 30 тұрғын үйдің ЖСҚ әзірле отырмыз қазір.