Су тасқынының екінші толқыны болуы мүмкін

Үйлерін тастап шығудан бас тартқан тұрғындарды мәжбүрлі түрде эвакуациялау керек.

Батыс Қазақстан және Атырау облыстарының әкімдеріне осындай тапсырма берілді. Бұл туралы өңірдегі жағдайды бақылауға барған Премьер-министр мәлімдеді. Батыста су тасқынының екінші толқыны болуы мүмкін. «Жайық өзенінде күрделі жағдай сейілмей тұр. Ауқымды су Ресей аумағында айтарлықтай шығын келтіріп, Орал мен Атырауға қарай жылжып келеді», – деді Олжас Бектенов. Үкімет басшысы өңірді тікұшақпен аралап, гидроқұрылыстардың жай-күйін тексерді. Оның айтуынша, «Қазір Ақтөбе, Қостанай, Құлсары қалаларындағы жағдай тұрақталып келеді. Петропавлда су тасқынының шарықтау шегі басталады, мұнда негізінен бау-бақша серіктестіктері су басу аймағында қалмақ. Қазір Орал мен Атырауды тасқыннан сақтап қалу міндеті тұр». «Сонымен қатар Үкімет басшысы су тасқынынан зардап шеккендерге шығындарды өтеуде бюрократияға жол берілмеуге тиіс», – деді.

Төлеуіш Нұржан, БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі:

- Соңғы екі күнде Жайық өзенінің су деңгейі көтерілгені байқалады. Нақтырақ айтсақ, қазіргі деңгейі 712 см, екі күннің ішінде 15 см дейін көтерілді. Осыған байлаынсты қазіргі таңда Жайық өзенінің жағалауында орналасқан тұрғын үйлерді құлақтандыру және алдын ала эвакуациялау жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Қазір облыс бойынша еріген қар суынан келетін қауіп жоқ. Көрші Ресей Федерациясы Орынбор облысынан келетін судың келу жылдамдығы бәсеңдеп жатыр. Сәуір айнының екінші жартысында күтіліп отыр. Оыған байланысты облыс бойынша Жайық өзінің жағалауын нығайту, дамбыларды нығайту жұмыстары жүріп жатыр.