Тасқын зардабын жоюға ₸10 млрд бөлінеді

Ақтөбе облысында су тасқынынан келген залалды жоюға 10 миллиард теңге бөлу көзделіп отыр.

Зардап шеккен отбасылардың шығынын өтеуге 3,6 миллиард теңге бағытталады. Қазір осы тізімде шамамен 900 жанұя бар. Бұл ретте арнайы комиссия мен бағалаушы компаниялардың қорытындысы ескеріледі. Қалған сома су алған әлеуметтік нысандарды қалпына келтіруге жұмсалады.

Нұрлыбек Өнербаев, облыстық қаржы басқармасының басшысы:

- Тұрғын үй құрылысына әрине, республикалық бюджеттен күтіп отырмыз. Сосын, инфрақұрылымның құрылысына. Әрі қарай енді жолдарымыз бар. Оны да жол бойынша біз да қазір республикалық бюджеттен сұрап отырмыз. Олардан қолдау таппаған кезде біз алдыңғы сессияда тағы да депутаттардың алдына шығамыз қосымша қаражат сұрауға облыстық бюджеттен.