Атырауда канал құрылысы басталды

Атырауда барлық күш қаланы тасқыннан қорғауға жұмылдырылған, деп хабарлайды 24KZ.

Жайық өзенінің жағалауы 107 учаскеге бөлініп, бөгеттер тұрғызылып жатыр. Бұл жұмыстарға 600-дей техника мен 3 мыңдай адам тартылды. Сонымен қатар өр суын шаһарға кіргізбей, Каспий теңізіне бағыттайтын бұрынғы су жүйлеріне қосымша 24 шақырымдық канал құрылысы қолға алынды. Оның тереңдігі 2, ені 7 метр болады.

Сағындық Лұқпанов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

- 2 күн бойы қарап келемін түгел халық үлкен-кішісінен бастап бәрі осы жұмысты істеп жүр. Жайық бойында тұрған ауылдарда Махамбеттен бастап, әр елді мекенде суға қарсы жұмыстар жүріп жатыр. Жергілікті атқарушы органда қолдан келген көмегін беріп жатыр. Бірінші – техника, екінші – жанар-жағармай, сол мәселе шешіліп жатыр.