Баспанасынан айырылғандарға үй салу басталды

Тасқын кезінде баспанасынан айырылғандарға арналған үйлердің құрылысы басталып кетті.

Үкімет әзірлеген тетік бойынша, арнайы комиссия тұрғын үйді қалпына келтіруге жарамсыз деп таныған жағдайда азамат екі жолдың бірін таңдауы керек. Ол жаңа тұрғын үй салу немесе дайын жылжымайтын мүлік сатып алу. Жалғыз баспанасынан айырылған саяжай тұрғындарына да мемлекет қолдау көрсетеді.

Қанат Шарлапаев, ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі:

- Бүгінде құрылыс салу үшін жер телімдерін таңдау жұмыстарын жүргізуде. Қазірдің өзінде Ақтөбе облысында үйлердің құрылысы басталып та кетті. Қостанай облысының Арқалық қаласында зардап шеккен 27 тұрғынға пәтер сатып алынды. Ақмола, Қарағанды және Павлодар облыстарындағы отбасыларға жаңа баспана кілттері берілуде.