Тасқыннан зардап шеккендерге көмек

Тасқын кезінде баспанасынан айырылғандарға арналған үйлердің құрылысы басталып кетті.

Арнайы комиссия тұрғын үйді жарамсыз деп таныған жағдайда жаңа үй салу немесе дайын жылжымайтын мүлік сатып алу ұсынылады. Жалғыз баспанасынан айырылған саяжай тұрғындарына да мемлекет қолдау көрсетеді.

Қанат Шарлапаев, ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі:

- Бүгінде құрылыс салу үшін жер телімдерін таңдау жұмыстарын жүргізуде. Қазірдің өзінде Ақтөбе облысында үйлердің құрылысы басталып та кетті.  Қостанай облысының Арқалық қаласында зардап шеккен 27 тұрғынға пәтер сатып алынды. Ақмола, Қарағанды және Павлодар облыстарындағы отбасыларға жаңа баспана кілттері берілуде.