Отандық аграрлық ғылымды дамыту

Отандық аграрлық ғылымда қордаланған мәселе көп.

Ұлттық ғылым академиясының президенті Ақылбек Күрішбаев осылай дейді. Табиғи қауіп-қатер кезеңінде ғылымның рөлі бірнеше есе артады. Ал елдегі аграрлық ғылым деңгейі көңіл көншітпей тұр. Ұлттық ғылым академиясының президенті бес негізгі мәселені көтерді. Оның ішінде аграрлық саладағы кадр даярлығы, оларға берілетін гранттар мен жеңілдіктерді арттырған абзал. 

Ақылбек Күрішбаев, ҚР Ұлттық ғылым академиясының президенті:

- Біздің қаржыландыру деңгейі басқа мемлекеттерден қарағанда, дамушы мемлекеттерге қарағанда 10 есе. Дамыған елдерге қарағанда 20-30 есе аз. 30 жылда қордаланған мәселені қазір президент шешуде.қаржы жылдан жылға өсіп келе жатыр. Біз аграрлық жүйені басқаруды өзгертуіміз керек. Біз мына экономикамыздың аш саласының мұқтажына қарай соның мүддесіне қарай жасауымыз керек. Әлемдік тәжірибе осы.