Астанада ауқымды экологиялық акция өтіп жатыр

Ол «Таза Қазақстан: Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» деп аталады.

Қалалық сенбілікке қарапайым тұрғындар, еңбек ұжымдары, мәдениет және спорт қайраткерлері, мемлекеттік қызметкерлер, бизнес өкілдерімен қатар  ерікті жастар, мектеп оқушылары мен студенттер қатысты. 

Ауқымды шараның алғашқы аптасы «Киелі мекен» ұранымен өтті. Бүгін астаналықтар тарихи және мәдени ескерткіштердің маңайын қоқыстан тазартты. Елордадағы ерекше акцияға әрбір тұрғын белсенді үлес қосып жатыр.

Мәдина Ажикенова, Астана қаласы мәслихатының депутаты:

- Мысалы менің жарты әріптестерім Нұра ауданына кетті. Қалған әріптестерім Есіл ауданына. Әр жерге өз үлесін қосып. Бұл жай көзбояушылық емес. Міне келдім, суретке түстім. Жоқ. Басты шарт, басты талап бұл ағаштарды отырғызып, өзінің менің де бір осы ауданда ағашым өссінші дегендей ізгі ниетпен келіп, өз үлестерін қосуда.

Шараға мәслихат депутаттары, жазушылар одағының мүшелері, мәдениет қайраткерлері, эстрада жұлдыздары атсалысты.

Нұрлан Қалқа, ақын, жазушылар одағының мүшесі:

- Осы жер бір атап кетерлігі Осы жер «Қаламгерлер аллеясы» деп аталады ғой. Сондықтан мынау әкімдік те осы тазалау жұмыстарына көп көңіл бөліп, осы мынау мекемелерді шақырып, осы жерге жұмылдырып, ұйымдастырғанына біз бір шетінен қаламгерлер атынан алғыз айтқымыз келеді.

Қалалық сенбілікте елордадағы 84 ескерткіштің аумағы абаттандырылды. Ауқымды акцияға бас қаланың он мыңға жуық тұрғыны қатысты.

Авторлары: Серік Селеубайұлы, Ержан Рахманбердиев