СҚО-ға көмекке барған үш жүз сарбаз Астанаға қайтты

Солтүстік Қазақстан облысында тасқын кезінде көмекке келген 300 сарбаз Астанаға оралды.

Олар су басқан өңірде екі апта бойы бөгеттерді күшейту, тұрғындарды құтқару, арықтарды тазарту, су сору сияқты алдын алу шараларына қатысты. Қатардағы жауынгерлердің арасында Отан алдындағы борышын өтеп болғандар да бар. Сарбаздарды шығарып салуға жүздеген адам жиналып, ризашылығын білдірді. Ал облыс әкімі 50 әскериге алғыс хат табыстады. 

Имран Мамедов, қатардағы жауынгер:

- Екі апта бойы бөгет салдық. Үйлерді тасқын судан құтқаруға тырыстық. Менің Отан алдындағы борышым аяқталды. Енді бірден үйге қайтамын.