ШҚО-да өрт оқиғалары жиіледі

Шығыс Қазақстанда күн ысымай жатып қураған ағаштардың өртенуі жиіледі.

Сәуірдің басынан бері осындай 90 оқиға тіркелген. Әсіресе Өскемен қаласы маңындағы саяжай айналасында жиі болады. Желді күні от жағатын тұрғындар қауіпсіздік шараларын ескере бермейді. Сондықтан, құтқарушылар шеткері аудандар мен ауылдарда ескерту жұмыстарын күшейтіп жатыр. Ол үшін 40 мобильді топ құрылды. Былтыр өңірде 400 гектардан астам аумақ отқа оранған. Төтеншеліктер өрт оқиғасы көбейетін қауіпті кезең маусым айында басталуы мүмкін дейді. Биылғы жаз ыстық әрі жауын-шашын аз болады деп болжанып отыр.

Нұржан Өміржанов, облыстық ТЖД басқармасының бастығы:

- Қоқысты немесе құрғақ шөпті өртегені үшін Қазақстан Республикасының әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің баптарымен жауапкершілік көзделген.егер сіз өрт куәгері болсаңыз оны бастапқы кезеңде өзіңіз сөндіруге тырысыңыз. Жеңе алмасаңыз өртке қарсы қызметіне 101 номеріне хабар беру қажет.