Құлсары қаласы тазартылып жатыр

Жылыой ауданынында тасқын қаупі сейіліп, Жем өзенінің деңгейі 175 сантиметрге дейін төмендеген.

Ал әскерилер қалпына келтіру жұмыстарына жұмылдырылды. Маңғыстау облысынан келген 160 сарбаз қала ішін қоқыстан тазартып, жағалауды бекітуге қойылған қаптарды жинастырып жатыр. Осы күндері Құлсары қаласында су сору жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Тазартылған аумақтарды дезинфекциялауға үш мекеме тартылған.

Әбдірахман Сәукенов, Маңғыстау аумақтық қорғаныс бригадасының командирі:

- Бөгеттерде қалған қалдықтарды, бәрін қала сыртына, яғни полигонға шығару іс-шаралары жүргізілуде. Маңғыстау облысынан төтенше жағдай бойынша 400 адамдай келдік. Қазіргі таңда екінші кезең бойынша 160 адам жүріп жатыр. Офицерлер бар, сержанттар бар, қатардағы жауынгерлер бар.