Петропавл тұрғындарына құқықтық кеңес берілді

Петропавл қаласында тасқаннан зардап шеккен тұрғындарға «Ауыл» партиясы атынан гумантиралық көмек келді.

Саяси ұйым мүшелері уақытша тұру орындарын аралап, азық-түлік, киім-кешек, төсек орын таратты. Сонымен қатар балаларға кітап-журналдар мен оқу құралдарын табыстады. Ал олардың ата-аналарына біржолғы төлем, өтемақы алу сұрақтары бойынша құқықтық кеңес берді. Қазір облыс орталығында мыңға жуық адам жатақханаларға жайғастырылған.

Дәурен Рахымбек, "Ауыл" партиясы жанындағы жастар қанатының төрағасы:

- Және де өздерініңіз көріп отырғандай, қазір түсіндірме жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Қалай өтемақыны алуға болады. Бірінші кезекте жаңа ғана Белое ауылына бардық. Ол жерде раскладушкалар керек деп айтқан болатын. Өзімізбен бірге 50 раскладушка алып келдік.