Атырау облысында браконьерлер 10,9 млн теңге айыппұл төлейді

Жайық-Каспий бассейнінен заңсыз балық аулағандарға 11 млн теңгеге жуық айыппұл салынды.

Сәуір айының басынан бері  инспекция 229 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Тұқымы азайып бара жатқан бекіре тұқымдас балықтарды заңсыз аулағандарға 28 қылмыстық іс қозғалған. «Бекіре-2024» акциясы жалғасып жатыр. Оған Атырау, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарындағы иснпекция қызметкерлерімен бірге Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі және жергілікті тәртіп сақшылары тартылған.

Рүстем Қорқытов, Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының баспасөз хатшысы:

- Браконьерлерден 4,5 тонна балық, оның ішінде 1200 келі бекіре балығы мен 6 келіге жуық уылдырық және 48 ау-құралы мен 17 қайық тәркіленді. Өзендер мен Каспий теңізінің акваториясына жүргізген күнделікті рейд кезінде ұзындығы 258 мың метр ау-құралдары судан шығарылды.