К. Макелеле ақтөбеліктермен жолықты

Әлемдік футбол жұлдызы Клод Макелеле Ақтөбеге келіп, су тасқынынан зардап шеккен отбасы мүшелерімен жолықты.

Франция ұлттық құрамасы мен ағылшындық «Челси» командасының экс-ойыншысы  уақытша орналастыру пунктіндегі ақтөбеліктерге қолдау білдірді. Сондай-ақ кездесу барысында балаларға доп тебудің қыр-сыры мен әдіс-тәсілдерін үйретіп, үлкен спортта табысқа жету жолдарымен бөлісті. Жиын соңында аяқдоп шебері қолтаңба беріп, естелік сыйлықтар таратты.