Елімізде білікті гидрологтар тапшы

Жаңадан құрылған су министрлігі осыған басты мән беру керек.

Белгілі гидротехник, экс-министр Нариман Қыпшақбаев осылай дейді. Еліміздегі су тасқынының себебі айқын. Отыз жыл бұрын Су министрлігі ешкімке керек болмай қалды. Бұл шешімнің қате болғанын уақыт дәлелдеп отыр. Ал ендігі табиғи құбылыс зардабын азайту үшін жоспарлы жұмыс атқарылып, аймақтарда су шаруашылығымен айналысатын мамандардың жағдайын жақсарту  қажет. «Бұл ретте Президенттің Тараздағы Қазақ гидромелиоративті-құрылыс институтын қалпына келтіру бастамасы нәтижелі боларына сенім артамыз»,-дейді профессор. Сондай-ақ, ғалым Қасым-Жомарт Тоқаевтың Су министрлігін қайта құруы құптарлық іс екенін, салада жылдар бойы қордаланған түйткілдер шешімін табуы керектігін айтты.

Нариман Қыпшақбаев, Мемлекет және қоғам қайраткері, инженер-гидротехник:

- Менің қуанғаным былтыр қыркүйек айында министрлік құрылды. Енді тездетіп соның аяғына тұрып кету мәселесін көтеруіп, көмектесу керек. Мемлекеттің негізі ресурсқа қарағанда жер мен су. Ең бірінші Қазақстанда министрество құрылса, ауыл шаруашылығы мен су шаруашылығы құрылу керек деген идеология менде. Бүгінгі күннің өзінде қазақстанда, Өзебкстанда, Тәжіктснада су жетпей жатыр. Ал, 40-50-60 -шы жылдары халық өсе ма? өседі. экономика, ол халықты асырау керек қой. Соған суды қайдан табамыз дегенді бүгін ойлау керек қой.