«Семей орманы» табиғи резерватында шыққан өрт сөндірілді

Абай облысы Бородулиха ауданындағы «Семей орманы» табиғи резерватында шыққан өрт сөндірілді, деп хабарлайды 24KZ.

Тілсіз жаумен күреске 40-қа жуық адам мен 9 техника жұмылдырылды. Өрт ошағы батпақты жерде болғандықтан, өрт сөндірушілердің жетуі қиын болған.  Дегенмен 1,5 сағат ішінде өрт сөндірілді. Алдын ала болжам бойынша аумағы 0,22 гектарды құрады. Облыс әкімі орынбасарының мәліметінше, жоғары вольтты электр желісіне ағаш құлап, өрт содан басталған.