Мерзімді басылымдарды таратуды Қазпоштадан басқа да мекемелерге беру керек. Өйткені газет оқырманға жеткенше ақпарат ескіріп қалады. Өңірлік мерзімді басылымдар форумының екінші күнінде саланың осы және өзге де проблемалары сөз болды. Ал Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі өзекті мәлелерді шешудің өз жолдарын ұсынды. Канал, портал, әлеуметтік желі, баспасөз беттері осы айтылғанның бәрін байланыстыратын ақпарат. Бірақ олардың мазмұнын да ерекшелейтін ақпарат және оны жеткізу жылдамдығы. Соңғысына қатысты өңірлік басылымдар форумында бүгін пікірталас болды. Газет таратуды Қазпоштаның қолынан алып, бизнес өкілдеріне беру керек деген ұсыныс айтылды. Нұрлыхан Қалқаманұлы, «Теміртау тынысы» газетінің бас редакторы: - Үлкен бизнесі бар адамдар газетке ақша салмайды. Газеттен ақша табу мүмкін емес. Таза интузиазммен газет аштық Теміртау қаласында. Газет жұмысын жүргіздік. Мемлекеттік тапсырыс алайын десек, газетке алынған куәлік Теміртау қаласына таралады. Ал мемлкеттік тапсырыс орнатылады Қарағанды облысында таралатын газетке. Екінші мәселе біз ақша табу емес, газетті шығару болды. өзіміз тараттық. Өйткені Қазпоштаның тарифы қымбат. Бқұл бір. Екінші Қазпошта уақытында әкелмейді. Қиындық туындап тұр индекс мәселесі бойынша. Неге газет тарату ісін монополияны алып, Қазпоштаның, курьерлік агенттіктерге немесе жеке адамдарға газет тарату ісіне рұқсат бермеске ? Ал Ақпарат және қоғамдық даму министрі бұл тек Теміртаудағы ғана емес бүкіл елдегі басылымдарға ортақ проблема екенін алға тартты. Дархан Қыдырәлі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі: - Өңірдегі басылымдарға конкурс беру мәселесі біраз қиындық тудырды. Оны әкіммен талқыладық. Дұрыс толтырылмағандықтан немесе конкурста дұрыс қаралмағандықтан өңірлерде біраз басылымдардың мемлекеттік тапсырыстан қағажу қалғанын білеміз. Реттеуге тырысамыз. Теміртаудың жағдайын мен тағы да сұрайын. Қазпочтаға байланысты бізде бір ауыл мен бір ауылдың арасы 100 шақырым. Кәсіпкерлерді жинадық. Субсидия бөлу мәселесін қарастырдық. Мемлекет басшысы Қазпочта басшысын қабылдады. Мәселе шешіледі деген ойдамын. Ақпарат тез тарап жатқан заманда. Бір аптада бір келетін газетке жазылуды сұраудың өзі ыңғайсыз. Сондықтан газет таратуды қолға алуға құлықты жекелеген азаматтар болса игі деді министр. Ведомство бұл бағыта субсидия бөлуді қарастырып жатыр. Бұдан бөлек газеттерді тез жеткізу үшін мектептерге принттер қойып, тез басып шығару да ұсынылған. Бірақ мерзімді басылымдар өндірісінде қағаз бағасына қатысты да проблемалар бар. Өйткені қағаз құнын нарық реттейді. Ал нарыққа геосаяси жағдайлар ықпал етеді.