Құлсары қаласында болған табиғи апатқа байланысты эвакуацияланған азаматтарға арнайы көмек көрсетіліп, жатақханамен қамтылып жатыр. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев айтты. Ол қазір аудандық деңгейде комиссия құрылғанын жеткізді. Судан келген барлық шығындар есептеліп, өтеледі. Мамандар Жем өзеніндегі су деңгейі төмендей бастағанын хабарлады. Шамамен 3 күннен кейін Құлсарыдағы су өз арнасымен Каспийге ағып кетеді, деген болжам бар. Жасұлан Бисембиев, Атырау облысы әкімінің орынбасары: - Бірқатар мөлтеек аудандарды құрғақ сақтап отырмыз. 5 мыңға жуық азамат судың басылуына еңбектерін атқаруда. Аудандық және кен орындағы техникалар жұмылдырылдған. Бастысы қазір Құлсарның су жетпеген аймақарын сақтап щалу және су кептіру жұимыстарын шұғыл ұйымждастыру.