Бауырлас Түркия еліне көмекке аттануға қазақстандық дәрігерлер де тас түйін дайын. Қазір бұл мақсатта 125 адамнан құралған арнайы бригада жасақталды. Оның құрамына хирургтар, травматологтар, реаниматологтар мен өзге де тәжірибелі мамандар кірді. Бұл жайында еліміздің денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді. Арнайы борт анадолы жеріне кез келген уақытта аттануға әзір. Түркия тарапының сұранысын күтіп отыр. Түркияда болған зілзала салдарын жою мен зардап шеккендерге көмек көрсету үшін Қазақстандық құтқарушылар мен дәрігерлер Газиантеп қаласына жетті. Еліміздің денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният бауырлас елге дәрігерлердің бригадасын жіберуге де әзір екенін мәлімдеді. Ол үшін өңір-өңірде білікті мамандар тобы жасақталуда. Цитата Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Түркия Республикасының Денсаулық сақтау министрлігімен тікелей байланыста және бірінші кезекте біз апаттан зардап шеккендерге медициналық және дәрілік көмек көрсетуге дайын екенімізді білдірдік. Қазіргі уақытта Түркияға Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Апаттар медицинасы орталығының медицина қызметкерлері бар құтқарушылар жасағы ұшып кетті. Медициналық көмекті күшейту қажет болған жағдайда Қазақстан тарапынан Түркияның зардап шеккен аудандарына жіберу үшін дәрігерлер бригадасын құрып, дайын отырмыз. Ақтөбе облысы Түркия халқына көмекке атануға ақтөбелік 10 дәрігер дайын. Олардың қатарында хирург, травмотолог, нейрохирург және реаниматолог пен анестезиолог бар. Барлығы да төтенше жағдай кезінде қызмет көрсетуге машықтанған, арнайы тәлім алған білікті мамандар. Денсаулық сақтау басқармасындағылардың айтуынша, ақ халатты абзал жандар қауіпті аймаққа аттануға өз келісімдерін берген. Әсия Тржанова, облыстық денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы: - Көпсаласы біздің аурухананың мамандары алынды, біздің облыстық денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бас мамандары алынды. Осы мамандардың тізімі ҚР ДСМ жіберілді. Министрліктен шешім күтеміз. Біздің мамандар әзір. Ұлытау облысы Ал зілзаладан зардап шеккен бауырлас жұртқа жәрдем беруге Ұлытау облысынан жасақталған дәрігерлер тобын облыстың жетекші реаниматологы Бейбіт Досжанов бастап барады. Алғашқылардың бірі болып өтініш білдірген жас маманның тілегін әріптестері де бірауыздан құптаған. Ақ халатты абзал жан 5 жылдан астам уақыт Жезқазғандағы көпсалалы ауруханада еңбек етіп келеді. Бейбітпен бірге облыстан 1 травматолог пен 1 терепевт дәрігер жолға жиналып жатыр. Бейбіт Досжанов, реаниматолог-дәрігер: - Бізге реаниматолог-анестезиолог дәрігерлердің жетіспеуіне байланысты ұсыныс айтылды. Ол жағынан біз әрқашан біз атсалысуға, көмектесуге дайынбыз. Дәрігерлермен ақылдаса отырып шештік. Жалпы Денсаулық сақтау министрлігі жасақтаған бригада құрамында 125 дәрігер бар. Оның ішінде 30 реаниматолог, 25 травматолог, 24 хирург, 20 нейрохирург, 16 терапевт және басқа 10 дәрігер ниет білдірді. Ақ халатты абзал жандар бауырлау Түркия елінен сұраныс түскен жағдайда анадолы жеріне сапарға аттанады.