Ол үшін республика аумағында базалық стансаны көбейту қажет, дейді «Хуавей» компаниясының мамандары. Елордада өткен алғашқы «ДиджИ-Дэй» жиынына осы тақырып арқау болды. Шараға «Хуавей ТехнОлоджис Қазақстан» компаниясы мен «Астана Хаб» халықаралық технопаркі ұйытқы болды. 5G инновациялық технологиясын өндіру жұмыстарына қатысқан алғашқылардың қатарында Huawei компаниясы да бар. Мобильді интернеттің бесінші буынын енгізу бойынша тәжірибесі мол. Сәтті кейстері жетерлік. Бүгінде «Хуавей» сарапшылары «ДидЖи-Дэй» жиынында индустрияны дамыту жолдарын түсіндірді. Таңат Өскенбаев, «Astana Hub» корпоративтік инновациялар бөлімінің директоры: – Ең бастысы стартап-жобаларды шақырамыз Астана Хабқа келуге. Біз керек консультациялармен, керек техникалармен қамтамасыз етеміз. Егер де олар 5джи жобалар жасайтын болса, біз оларға көмектесе аламыз. Алдағы жаз айларында 5G салалық орталығы ашылады. Онда стартап-жобаларға қажет техникалық мүмкіндіктер ұсынылады. Желі сапалы болу үшін қатысушыларға тегін сим-карталар мен консультациялық кеңестер беріледі. 5G технологиясы алдыңғысынан 10 есе жылдам. Сәйкесінше оның көмегімен кез келген сала маманы тез әрі жоғары нәтиже көрсете алады. Болашақта үлкен сұранысқа ие болады дейді, спикерлер. Данияр Еспаев, HUAWEI компаниясының сымсыз өнімдер жөніндегі менеджері: «Хуавей» компаниясы 2019 жылдан бастап Қазақстан нарығында бүкіл операторлармен проектер жүргізіп, келісімшарттар жасасып, пилотный зоналарды өндіріп, 5 джи технологиясының Қазақстан нарығында тез арада пайда болуына көмектесеміз. Еске сала кеткен жөн, елімізде 5G интернет желісі әзірге тек үш қалада қолжетімді. Атап айтсақ, сынақ алаңдары Түркістанда, Алматыда және елордада бар. Экспо кешені аумағындағы «Астана Хаб» халықаралық технопарк орталығында да жылдам интернет стансасы орнатылған. Авторлары: Мирлан Алтынбек, Нұрғали Мамурбаев.