Бұл туралы денсаулық сақтау министрінің бірінші орынбасары Марат Шоранов мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24». Вакциналаудың алғашқы кезеңі ақпан айында басталады. Бұл кезеңде ресейлік Спутник V немесе Қарағандыда шығарылған нұсқасы – Gam-COVID-Vac салынады. Оның алғашқы 20 мың дозасын Ресейден алдыртса, ақпанның 26-нан бастап 90 мың, ал наурызда тағы 150 мың дозасы Қарағандыдағы зауыттан шығарылады. Марат Шоранов мәлімдегендей, қазақстандық KazCovid-in екпесі сәуір айында тіркелуі мүмкін. Сол кезде халықты қос вакцинамен қамтуға болады. Ал шетелдік Pfizer сынды вакциналарды алдыру бойынша келіссөздер әлі жалғасып жатыр. Жыл аяғына дейін 6 млн азаматты вакциналау жоспарда бар. Бірақ екпе салуда еш мәжбүрлеу болмайды. Марат Шоранов, ҚР денсаулық сақтау министрінің бірінші орынбасары: – Расында да біз алған ақпарат бойынша, Байқоңыр қаласында Ресей азаматтарына өткен аптадан бастап вакцина салу басталған. Қызметкерлер вакцинадан бас тартқан кезінде Ресей федерациясында да бұл мәселе біз айтқандай, өз еркімен.