Бұл оқиға кеше кешқұрым Меңдіқара ауданының Ұзынағаш ауылында болды. Алдымен түз тағысы 19 жастағы жас жігітке шабуыл жасаған. Одан кейін сиыр саууға шыққан әйелге тап берген. Екеуінің де қол аяғын тістелеп тастапты. Көмекке келген жергілікті тұрғындар қасқырды атып өлтірді. Сол күні ауыл адамдары одан басқа тағы бір түз тағысын көрген екен. Тілеуқабыл Дүйсенов, Қарақоға ауылдық округінің әкімі: – Әлгі қасқырды атып алып, ел болып, кеше ауданға апарып, тапсырдық. Оны көршілес ауыл тұрғындары да байқаған екен. Бірақ нақты неше қасқыр екенін дөп айту қиын. Бәрі осы қасқыр болуы мүмкін. Тістелінген 50 жастағы келіншек пен 19 жастағы студент жігіттің жағдайлары жақсы. Ауданға апарып, медициналық тексеруден өткіздік. Қазір үйлерінде бақылауда.