USD 343,45

EUR 403,00

РУБ 5.52

Павлодарда жолаушылар толы трамвай өртке оранды

Павлодарда жолаушылар толы трамвай өртке оранды

Павлодар қаласында Кутузов көшесі бойында жолаушылары бар трамвай өртеніп кетті.

Бұл туралы Pavlodarnews.kz хабарлады.

Трамвай басқармасы» АҚ баспасөз хатшысы Тимфоей Голевтің айтуынша, оқыс жағдай таңертең Кутузов - Толстой көшелерінің қилысында 8:12 шамасында болған. «Бүгін Депо бағытына қарай жүрген №11 вагон істен шығып отқа оранған», – дейді Тимофей Голев. 

«Трамвайда төтенше жағдай кезінде жолаушылар болған. Саны белгісіз. Олар дер кезінде вагонды босатты. Зардап шеккендер жоқ. Сағат 9:20 кезінде қозғалыс қайта қалпына келтірілді. Ал қызыл жалынның астында қалған вагонды Трамвай басқармасына тіркеп алып кетті. Сараптама тағайындалды, жуық арада өрттің себебі анықталатын болады. Алдын ала болжам бойынша электр сымдарының тұйықталуы салдарынан өрт шыққан. Бұл бірақ болжам ғана. Павлодар облыстық ТЖД ұсынған ақпаратқа сүйенсек, қызыл жалын аумағы 30 шаршы метрді құрады. Оқиға орнында 16 өрт сөндіруші жұмыс істеп, үш техника жұмылдырылды». 

Хабар 24 әлеуметтік желілерде